КҮН мен ТҮН болу үшін: КҮН ЖЕРДІ айналады ма, әлде ЖЕР өз ОСІН айналады ма?
Күн мен түннің ауысуы – Күннің жерді айналу себебінен бе, әлде Жердің өз осінен айналу себебінен бе?
1633 жылы доминикан монастырында 69 жасқа жақындаған денсаулығы нашар атақты физика ғалымы Галилео Галилейді соттады. Ол Николай Коперниктің: «Ғаламның центрі Жер емес, керісінше Күн, Жер айналады, және Жер Күнді бір жылда бір айналып шығады», -деген ілімін мойындаған еді. Бұл – шіркеу уағызына (Библияға) қарсы еді. Оны өмір бойы түрмеге қамауға шешім шығарылды, сосын үй қамаққа ауыстырылды. 1642 жылы 8 қаңтарда Галилео Галилей қайтыс болды.
Жер және басқа планеталардың Күнді айналу фактісі болғандықтан Ватикан 1984 жылы Галилео Галилейді сотаудың қате болғанын мойындады. 1992 жылы рим папасы Иоанн Павел II сөз сөйлеп, ғалымға үкім шығарған Библия мәтіндерін тым сөзбе-сөз ұстанатын дін мамандарына өкініш білдірді. Ватикан, Жердің Күнді айналатынын мойындады. Осы уақытқа дейін Ватикан, Жердің Күнді айналатынын, ешқашан жария түрде мойындамаған еді. Ватиканның бір бақшасына ғалымға арнап ескерткіш қойылды.
Хашауилердің ғалымы ибн Баз: «Кімде-кім Жер Күнді айналады» деген сенімнен қайтпаса (қасарысса) ол ДІННЕН шығады, оның Қаны ХАЛАЛ, мал-мүлкі мұсылман қазынасына тиесілі»,- деп айтқан.
http://www.youtube.com/watch?v=nihruLwhgc0 Ибн Баз және сфералық (жайпақ) жер
Ибн Баз кейіннен жердің дөңгелектігін мойындаған, бірақ жердің айналатынын мойындамаған. http://www.binbaz.org.sa/mat/8640
Ибн Баздың сайтындағы жазбаның соңғы абзацтың басын қарап көрелік:
«Ибн Қайимнан жеткізген мақаламда көрсетілгендей мен жердің дөңгелектігін мойындаймын, бірақ жердің АЙНАЛАТЫНЫН _ МОЙЫНДАМАЙМЫН...»
Хашауилердің тағы бір ғалымы Ибн Усеймен өзінің бір ФАТУАСЫНДА: «Күн Жерді айналады, керісінше емес, күн мен түннің ауысуы Күннің Жерді айналуы себебінен екеніне СЕНУГЕ МІНДЕТТІМІЗ»,- деген.
http://ahlutaqwa.blogspot.com/2012/04/blog-post_7242.html Ибн Усейминнің ФАТУАСЫНЫҢ орысша аудармасы
http://www.youtube.com/watch?v=Re41Y8ATniQ Күн жерді айналады – Мухаммед бин Усеймин
Түсінігі мол (ақылдары істейтін) Хашауи ғалымдары Жердің Күнді айналатынын ешқашан мойындамаған. Өйткені, Жердің айналатынын мойындаған жағдайда бүкіл ақидасы бұзылатынын олар түсінген еді...
Түсінігі шорқақтау (ақылы аздау) Хашауи ғалымы ӘЛБӘНИ өз ұстаздарына ҚАРСЫ шығып (ашық қарсы шықпаса да), жердің шар тәрізді домалақ екендігін мойындады. Одан ӘЛБӘНИ: «Аллаh - ішіндегінің бәрін жан-жағынан айнала қоршаған, тiгiлген қап сияқты, әлемдi жан-жағынан қоршайды»,- деп қортынды шығарды. Бұл көзқарас оның «Сахих Ат- Таргиб уа-т-Тарhиб» атты кiтабында жазылған. «... Қаппен салыстыру»? Бұндай сенімнен Алла сақтасын!
Бұл жерден көретініміз – екі жағдайда да Хашауи ақидасының ҚАТЕ болып шығатындығы!
Қазіргі кездегі, өздерін Сәлафи санайтын, түсінігі жоқ (ақылдан бас тартқан) Хашауилердің бір бөлігі – Жердің өз осін және Күнді айналатынын мойындайды, бұл – өз ақидалары бойынша Алланы ӘЛБӘНИ сияқты «қаппен салыстыруға» әкеліп соқтыратынын түсінбейді...
Хашауилердің екінші бөлігі – Шейхтары сияқты, Жердің Күнді айналатынын мойындамайды. Сол арқылы «2 х 2 = 4»-ті мойындамайтын фанат екендігін көрсетеді...
Қз. http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=141570