Таухид «ПОЛУумника» – лучше, чем «ПолуТАУХИД» Разумного
https://vk.cc/6dgVRI
«ЖАРЫМестің» Тауһиды – Естінің «ЖарымТАУҺИДынан» артық https://vk.cc/6dgQQm
Алла Тағала адамдардың ақыл-ой деңгейін әр-түрлі қылып жаратқан. Сондықтан, Аллаһ әр адамнан есепті оның ақыл-ой деңгейіне лайықтап алады.
«Шындығында Қиямет күні, Аллаһ Өз құлдарынан фәни дүниеде берілген ақыл-ой деңгейiне дәл лайықтап есеп алады» (хадис)
«(Мұхаммед Ғ.С.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне солар, кітаптарын оқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды» (Құран 17:71)
https://vk.cc/6dgycn тақырыбының соңында: «Өздерін «Таухид үмметі» деп есептейтін бұл топтың, өздерінің «Таухид әл-асмаи уас-сифатта» бұлай АДАСУЫНАН кейін оларды – «ҚИЫЛҒАН Таухид үмметі, Умма ПОЛУТаухида» деп атаған дұрыс болар» деп жазған едік.
Бұл ПІКІР Қазіргі СӘЛӘФИЛЕРдің бәріне қатысты айтылды ма?
Әрине, бәріне қатысты емес! Түсінбеулеріне байланысты Аллаһты кемсітетін Қазіргі СӘЛӘФИЛЕРдің кейбіреуін қалай кінәлай аламыз? Олар өздеріне түсініксіз мәселеде өздерінің шейхтарына ТАКЛИД (соқыр сену) жасайды ғой...
Бұл пікір, өздері бәрін түсінетін, бірақ ақидаларын бұзбауы үшін бұл мәселелерге көздерін жұма қарайтын Қазіргі кейбір СӘЛӘФИЛЕРге қатысты айтылған. Олар өздерінің шейхтарына Таклид жасамайды, олар өздерінің шейхтарына (пірлеріне) ТАБЫНАДЫ, өйткені түсінікті мәселелерге Таклид жасалмайды.
Дәлел:
Имам Әбу-Ханифаның, рахимахуллах, кейбір шәкірттері, кейбір мәселеде өздерінің басқаша пайымдауы бойынша ұстаздарына қарсы келген. Имам Әбу-Ханифа ешқашанда шәкірттерін, қазігі Сәләфилердің қазіргі барлық «шейхтары» сияқты, ақылдан (пайымдаудан) бас тартуға шақырмаған. Мүмкін, кейбір Қазіргі «шейхтар», шәкірттері ақида мәселесін ақылға салып талқыласа, олардың кейбіреуі бұл ақидадан бас тартатынын біледі. Сондықтан, олар үнемі өздерінің шәкірттерін ақидада ақылдан (пайымдаудан) бас тартуға, тек Таклид жасауға шақырады...
Осылайша, Қазіргі ЕСТІ СӘЛӘФИ екі мәрте Ширк келтіреді:
1) Алланы САНАЛЫ түрде кемсітеді
2) Өздерінің «Шейхтарына» табынады
Демек, Қазіргі Сәләфилердің ішінде, «Түсінбейтіндердің» Тауһиды – Түсінетіндердің «Қиылған ТАУҺИДынан» артық
Қз. ТАУХИДТАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР https://vk.cc/6dgycn